ФЕСТИВАЛЬ!
Астана қаласында, 4-10 қыркүйек күндері Ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваль өтеді!
Қазақ күресі, тоғызқұмалақ, көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату, жекпе-жек спорт түрлерінен еліміздің барлық өңірлері сынға түсетін болады.
Төрт жылдықтың басты додасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР ұлттық спорт қауымдастығы, ұлттық спорт түрлері бойынша федерациялар және Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді.
“Қазанат” ипподромы - көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, теңге ілу, дәстүрлі садақ ату, құсбегілік.
“Qazaqstan” ЖАСК - асық ату, тоғызқұмалақ.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы - қазақ күресі.
“Аспан” спорт кешені - жекпе-жек.
Ұлттық спорт жанкүйерлерін 4-10 аралығында Астана қаласында күтеміз!