2025 жылдың 7–8 қазан аралығында Қазақстан астанасы Астана қаласында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай қоян-қолтық ұрыстан Әлем кубогының финалы өтеді.
Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ерлер мен әйелдер арасында «Өзін-өзі қорғау» және «Жекпе-жек» сайыстары бойынша өтеді.
Әлем кубогының жеңімпазы атағы үшін Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Үндістан, Иордания, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген 13 елдің 200-ден астам спортшысы бақ сынайды.