«Жұлдызай-2025» Ұлттық Инклюзивті ойындарының ашылу салтанаты өтті

«Жұлдызай-2025» Ұлттық Инклюзивті ойындарының ашылу салтанаты өтті

2025 жылдың 2 қазанында Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «Жұлдызай-2025» Ұлттық Инклюзивті ойындарының ашылу салтанаты өтті.

Ашылу рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директоры Болатбек Дукетаев және ел тарихындағы Паралимпиада тұңғыш чемпионы, даңқты спортшы Зульфия Габидуллина қатысты.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 500 спортшы 9 спорт түрінен бақ сынайды.

Жеңімпаздар халықаралық турнирлерге қатысуға және спорттық разрядтар алуға мүмкіндік алады.