Астана қаласында таеквондодан VI жазғы Спартакиаданың ашылу рәсімі өтті

Астана қаласында таеквондодан VI жазғы Спартакиаданың ашылу рәсімі өтті

Іс-шара кезінде Ханчжоудағы жазғы Азия ойындары мен Ливанда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының жүлдегерлері қаржылай сыйақымен марапатталды. Сонымен қатар спорттың осы түрінен еліміздің таңдаулы бапкерлеріне мақтау хаты берілді.

Спартакиадаға тәуелсіз бақылаушы ретінде Пәкістан таеквондо федерацясының вице-президенті Аббас Аун арнайы келді.

Айта кетейік, Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайындағы таеквондошылар бәсекесі 4 желтоқсанда аяқталады. Жанкүйерлерге кіру тегін. Күн сайын жекпе-жектер таңғы сағат 10-да басталады.