Астанада күрес түрлерінен ел біріншілігінің ашылуы өтті

Астанада күрес түрлерінен ел біріншілігінің ашылуы өтті

Бүгін Астана төрінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.

Ашылу салтанатына КСРО және Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, UWW біріккен күрес әлемінің бюро мүшесі, Азия күрес федерациясы және ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Болатұлы Тұрлыханов қатысып спортшыларға сәттілік тіледі.

Аталған ел біріншілігіне еліміздің 20 өңірінен 600 ден астам күрес шеберлері қатысуда.

Айта кетейік байрақты бәсеке ақпанның бесіне дейін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.