Алғашқы күнгі жеңімпаздарды марапаттауға Дзюдо федерациясының президенті Есекеев Қуанышбек Бахытбекұлы және Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Мырзабосынов Ербол Қуантайұлы қатысты.
Айта кетейік, Республикалық додаға еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс 15 қарашаға дейін жалғасады.
Ал ертең жарыстың ашылу салтанаты Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 16:30 өтеді.
Бірінші күннің жеңімпаздарды және олардың бәпкерлерін құттықтаймыз!