Навигация

5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында Қазақстанның және Оңтүстік Кореяның балуандары өзара тәжірибе алмасты

5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында Қазақстанның және Оңтүстік Кореяның балуандары өзара тәжірибе алмасты

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен іс-шара барысында Кореяның «Ссирым» күрес федерациясының өкілдері қазақстандық әріптестеріне корейлік күрестің әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Өз кезегінде қазақ күресінен ҚР ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Айбат Сейтеннің жетекшілігімен отандық балуандар шетелден келген спортшыларды қазақ күресінің ережесімен жете таныстырып, кілемдегі шеберліктерін тамашалауға мүмкіндік берді.