Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтуде

Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтуде

Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтуде. Аталған іс-шараның негізгі спикерлері ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Альназарова, ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Eurasian Resources Group (ERG) бас директорының орынбасары Бербнер Йохен, Runyon, Ph.D., Principal Research Scientist, Global Discovery, Amway Matthew K. және ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми Амбассадоры Сергей Цырульников.

Естеріңізге сала кетейік, Сapital health форумы:

  • Екі қарбалас күн: 5 және 6 шілде.
  • Сегіз сессия: олардың әрқайсысы денсаулық пен спорт саласындағы өзекті тақырыптар мен трендтерге арналған.
  • 60-қа жуық спикер: өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісуге дайын сарапшылар мен пікір жетекшілері.
  • Салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін елдегі бірінші сыйлық.
  • Capital Expo көрмесі: өмір сапасын жақсартуға бағытталған технологиялар мен өнімдерді көрсету.