Бүгін ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Ербол Мырзабосынов дзюдодан Хорватия астанасы Загребте өтетін әлем чемпионаты алдында жасөспірімдер құрамасымен кездесті.
Кездесу барысында Ербол Қуантайұлы жаттықтырушылардан дайындық барысын сұрап, дзюдошыларға алдағы байрақты бәсекеде сәттілік тіледі.
Айта кетейік, спортшылар қазір Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы базасындағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында 10 күндік оқу-жаттығу жиынын өтуде.