Бүгін еркін күрестен ел тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында жаттығатын жас балуандармен кездесті. Спортшылар Ризабекпен естелікке фотоға түсіп, ойларында жүрген сұрақтарына жауап алды.
Кездесу соңында ол әлем чемпионатындағы жарқын жеңісін Жақсылық Үшкемпіровке арнайтынын айтты.
"Жақсылық ағамыздың арманы еркін күрестен әлем чемпионын көру еді. Алла тағала ол күнді көруді нәсіп етпесе де, мен осы жеңісімді Жақсылық ағама арнаймын"-деді Ризабек.
Тектілік танытып, құрмет көрсеткен Ризабекке халық қалай риза болмасын?
Нағыз чемпион!