Навигация

«Қазақ күресі» секциясының жас спортшылары “Алау” мұз айдынында уақыттарын қызықты өткізді

«Қазақ күресі» секциясының жас спортшылары “Алау” мұз айдынында уақыттарын қызықты өткізді

Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының «Қазақ күресі» секциясының жас спортшылары “Алау” мұз айдынында уақыттарын қызықты өткізді. Осындай мүмкіндік үшін “Mtex management” басқарушы компаниясына шын жүректен алғыс айтамыз. Жігіттер ризашылықтарын білдіріп, бұл тәжірибе оларға ұмытылмас әсер қалдырып, болашақта бұдан да жақсы жаттығуларға күшті ынталандыру болғанын атап өтті.