Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі балуандар арасында халықаралық турнирі аяқталды

Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі балуандар арасында халықаралық турнирі аяқталды

Бүгін Астана қаласында 11 наурыз күні бастау алған КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі балуандар арасында халықаралық турнирі аяқталды.

Айта кетейік, байрақты бәсеке даңқты спортшының есімі берілген Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті. Халықаралық жарыста Қазақстан, Бельгия, Әзірбайжан, Хорватия, Қырғызстан, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Украина, Тәжікстан және Жеке бейтарап спортшылар командасынан келген боз кілем шеберлері күш сынасты.

10 салмақ бойынша жүлде жиынтығы сарапқа салынған жарыста боз кілем шеберлері бас қосты.

Үш күн созылған жарыстың нәтижелері:

55 келі

1 орын - Әлібек Амиров (AIN)

2 орын - Айбек Айтбеков

3 орын - Арсен Жұма

3 орын - Хусейн Савадов

63 келі

1 орын - Ерзу Закриев (AIN)

2 орын - Дамир Ибрашов

3 орын - Махаммад Шукурзаде

3 орын - Даниал Молдабек 

72 келі

1 орын - Руслан Нуруллаев

2 орын - Тайыр Амангелді

3 орын - Ырыскелді Хамзаев

3 орын - Ақжан Ықыласов

82 келі

1 орын - Ерасыл Жеңіс

2 орын - Исмаил Рзаев

3 орын - Рамазан Пашаев

3 орын - Жанболат Бекен

97 келі

1 орын - Егор Якушенко

2 орын - Амирхон Бердіқұлов

3 орын - Максим Аверин (AIN)

3 орын - Баһрам Құрбанов

60 келі

1 орын - Оңдасын Хамитов

2 орын - Кубануч Аринов

3 орын - Құттыбек Абдуразаков

3 орын - Алмаз Мазитов (AIN)

67 келі

1 орын - Фараим Мустафаев

2 орын - Бағдат Сабаз

3 орын - Тавакгул Хазиев

3 орын - Грейр Оганесян (AIN)

77 келі

1 орын - Давуд Маммадов

2 орын - Гамзат Гаджиев (AIN)

3 орын - Магомед Иарбилов (AIN)

3 орын - Канан Абдуллазаде

87 келі

1 орын - Мансур Саитов (AIN)

2 орын - Али Темлан Гулиев

3 орын - Бағдат Қуаныш

3 орын - Жожу Самадов

130 келі

1 орын - Александр Мелехов (AIN)

2 орын - Марко Миланович

3 орын - Жохар Узаров

3 орын - Артур Бойчук