2025 жылдың 2-4 қазан күндері Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ерекше балаларға арналған үлкен спорттық мереке өтеді.
Бұл ойындарға еліміздің әр аймағынан келген жас спортшылар қатысып, өз мүмкіндіктерін көрсетеді. Жарыстар 9 спорт түрінен ұйымдастырылып, балалардың ерік-жігерін шыңдап, достық пен бірлікті нығайтуға бағытталады.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында бочча, үстел теннисі, асық және бес асық бойынша сайыстар өтеді.
Спортшыларға сәттілік тілейміз!