Құрметті грек-рим күресінің жанкүйерлері!
Елордада грек-рим күресінен қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионы және әлем чемпионы, Қазақстанның қайраткері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған 20 жасқа дейінгі балуандар арасында грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді.
Жарыста әлемнің ең үздік балуандары 10 салмақ дәрежесінде бақ сынайтын болады.
Жарыстың ресми ашылу салтанаты 16 мамыр күні сағат 17:30-да Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, баршаңызды дауылды тартыста ел намысын қорғайтын балуандарымызға жанкүйер болуға шақырамыз!