Құрметті қазақстандықтар!
Бүгін, 2023 жылы 17 желтоқсанда Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «Qazaq Kuresi» Ассоциациясы ұйымдастырып отырған ұлттық құндылығымыз қазақ күресінен өтетін «Дала қырандары» республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Ашылу рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы және «Qazaq kuresi» Ассоциациясының Президенті Мырзабосынов Ербол Қуантайұлы және «Qazaq kuresi» Ассоциациясының бас директоры Естек Ерлан Жұмабекұлы қатысты.
Айта кетейік, турнирде жыл бойы рейтингтік жарыстарда 8 салмақта жоғары ұпай жинаған 64 балуан сынға түсті. Олардың қатарында Бекжан Төлепов, Марат Нигматуллаев, Бекет Жүніс, Ержан Еренқайыпов және Жұмажан Қожамбеков сынды Әлем және Азия чемпионаттарының, Әлем кубогінің, Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жеңімпаз-жүлдегерлері бар.