Ағымдағы жылдың 01-10 маусым арылығында Астанада Ж. Үшкемпіров атындығы жекпе-жек сарайында алғаш рет 21 жасқа дейінгі есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдо футзалдан әлем чемпионаты өтуде.
Бүгін байрақты бәсекеде ұлттық құраманың алғашқы ойынының ресми ашылу салтанаты өтті.
Турнирге Қазақстан, Бразилия, Украина, Оман, Иран, Азербайджан, Таджикистан, Таиланд, Сауд Арабия және Өзбекстан командалары қатысып, бақ сынайды.
Биыл чемпионатқа DIFA (Халықаралық саңырау футбол қауымдастығы)және халықаралық саңырау футбол федерациясына мүше 10 елден 200-ден астам спортшы қатысуда.
Айта кетерлігі, чемпионат Футзалдан U-21 Әлем чемпионаты ҚР Туризм және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Халықаралық сурдо спорт комитеті, Спортты қолдау қоры мен Астана қаласы әкімдігі қолдауымен Халықаралық футбол ассоциациясы (DIFA), «Қазақстанның сурдо футбол мен футзалдан ұлттық федерациясы» ұйымдастыруымен өтуде.
Әлем чемпионаты 10-шы маусымға дейін жалғасады.
Баршыңызды Қазақстан командымызға қолдау көрсетіп, жанкүйер болуға шақырамыз!