Астанаға Халықаралық әскери спорт кеңесі (CISM) жөніндегі Спорт комитетінің президенті келді.
Conseil international du Sport Militaire күрес жөніндегі Спорт комитетінің президенті майор Насер Хасан CISM қамқорлығымен әскери қызметшілер арасында алғашқы әлем чемпионатын өткізу мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында Қазақстанға келді.
Ресми кездесуге CISM күрес жөніндегі Спорт комитетінің президенті майор Насер Хасани, ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы,"Qazaq Kuresi" Ассоциацияның президенті Ербол Мырзабосынов, Қорғаныс министрлігінің Спорт комитетінің төрағасы полковник Арман Әбеуов, "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" РМҚК директоры Жандос Үшкемпіров қатысты.
Ербол Мырзабосынов өз сөзінде әскери қызметшілер арасындағы тұңғыш Әлем чемпионатын Астана қаласында өткізуді маңыздылығына тоқталып өтті.
- Қазақ күресі – ең көне ұлттық спорт түрлерінің бірі. Өткен ғасырларда соғыстар арасында хандар батырлардың жарыстарын ұйымдастырды. Бұл жауынгерлердің жауынгерлік рухын қолдайтын жаттығулардың бір түрі болатын. Бүгін қазақ күресі әлемдік деңгейге шығып, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік ұйымының Мәдени мұра тізіміне енгізілді. Әскери қызметшілер арасында осындай жарыстарды өткізу ұйымға қатысушы елдердің қарулы күштері арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қызмет етеді деп санаймын, – деп атап өтті.
Ағымдағы жылдың мамыр айында Танзания астанасы Дар-эс-Саламда өткен 79-шы Бас ассамблея мен СІЅМ Конгресінің отырысында ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорт комитетінің төрағасы - Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов "Қазақ күресі" ұлттық күресінің презентациясын көрсетті, сондай-ақ 2025 жылы Қазақстан Республикасында "Қазақ күресі" бойынша CISM-ге қатысушы елдер әскери қызметшілер арасында алғашқы әлем чемпионатын өткізу туралы өтініш білдірді.
Сапар аясында Насер Хасани Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болып, спорт нысанының сипаттамасымен және оның технологиялық жабдықтарымен танысты.
Сондай-ақ, қазақ күресі бойынша бірінші CISM челленджін ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін талқылап, әріптестікті нығайтуға және әскери спорт дәстүрлерін арттыруға көмектесуге өзара ниет білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, CISM – 140 елдің әскери қызметкерлерін біріктіретін ең ірі пәнаралық спорт ұйымдарының бірі. Ұйым бейбітшілікті нығайту құралы ретінде қарастыратын спортты дамытуға ықпал етеді. Оның ұраны: «Достық - спорт арқылы».