Садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты

Садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты

2025 жылдың 1–5 желтоқсан аралығында Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында елорда тарихында алғаш рет ересектер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының қысқы садақ ату чемпионаты өтеді.

Турнирге еліміздің 12 өңірінен 300-ден астам кәсіби спортшы қатысады. Олардың қатарында Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушылары мен жүлдегерлері бар.

Чемпионат аясында жекелей және командалық жарыстар бойынша 20 медаль жиынтығы сарапқа салынады.