Бүгін Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында әйелдер күресінен Азия және Әлем чемпионаттарының жеңімпаздары әрі жүлдегерлері Мадина мен Жамиля Бақбергеновалар «Жас жауынгер» клубындағы ерекше қажеттіліктері бар балалармен арнайы кездесіп, жаттығу өткізді.
"Жас жауынгер» клубы 2018 жылдан бері ерекше балаларға тегін, тұрақты түрде бокс, армрестлинг, күрес спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді.
Клубқа 2020 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жылдың үздік ұйымы» атағын табыстады.
Сонымен қатар, 2022 жылы «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен аталған ұйым Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Семей қалаларында ашылып, ерекше балалар енді тағы 5 өңірде бейімделгіш спортпен тегін айналысу мүмкіндігіне ие болды.