
Құрметті келушілер! 15 қаңтардан бастап фитнес орталығы өз жұмысын қайта бастайды.
Алайда, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК базасында орналасқандықтан, ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиындарын өткізуге байланысты фитнес-орталығы 15-27 қаңтар аралығында сағат 9:00-ден 13:00-ге дейінгі аралықта шамадан тыс толы болатынын ескертеміз. Фитнес-орталығына келу уақытын алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.
Түсіністік танытқаныңыз үшін алғыс айтамыз!