2023 жылдың 28 сәуірінде Азияның түкпір-түкпірінен келген спортшылар Пара дзюдодан Азия чемпионатына қатысу үшін Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайына жиналды!
Чемпиондарымыз Ерғали Шәмей мен Науатбек Ақмарал бізбен чемпионаттан алған әсерлерімен және қарсыластарымен жекпе-жектерімен бөлісті.
Еске салайық, Ерғали Шәмей мен Науатбек Ақмарал былтыр Бакуде өткен әлем чемпионатында топ жарған болатын.
Ал бүгін олар:
Ерғали Шәмей - алтын J1 73 келі
Науатбек Ақмарал – күміс J2 48 кг жеңіп алды.
Чемпиондарымызды жеңістерімен құттықтаймыз және одан әрі табыстар тілейміз!