2023 жылдың 16 мен 18 мамыры аралығында Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында КСРО - ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер (U20) арасында халықаралық турнир өтеді.