Жаңалық бейне дене шынықтыру-сауықтыру клубы «Жас жауынгер»

Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында "Жас жауынгер" клубының 80 қатысушысы тұрақты түрде бокс, армрестлинг, күрес спорт түрлерімен айналысады.

Айта кетейік, Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-Жек сарайы бұл ұйымға қолдау ретінде залда ақысыз жаттығуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, 2022 жылы «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен аталған ұйым Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Семей қалаларында ашылып, ерекше балалар енді тағы 5 өңірде бейімделгіш спортпен тегін айналысу мүмкіндігіне ие болды.