Күрес түрлерінен өтетін Азия чемпионатына аз уақыт қалды
Спорт әлемі асыға күтетін байрақты бәсеке 9-14 сәуір аралығында Астана қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Аталған додаға дүниежүзінің 20 елінен палуандар келеді деп күтілуде.
Сондай-ақ, 24 наурыздан бастап Азия Чемпионаты барысында жекпе-жек сарайында оқу-жаттығу жиыны өтуде.
Оқу-жаттығу жиынын өткізушілердің арасында грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының кеңесші-жаттықтырушысы Мельниченко Юрий Васильевич бар.
Юрий Васильевич-грек-рим күресінен екідүркін Азия және Әлем чемпионы, 1996 жылғы Олимпиада чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы.
Палуандарымызға сәттілік тілейміз!
Спортшыларымызға жанкүйер болыңыздар. Кіру тегін!