Qazaq Kuresi ассоциациясының президенті әрі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайындағы Qazaq Kuresi Академиясының жаттығу залында болды

Залдың жалпы аумағы - 250 шаршы метр. Жаңа жаттығу залында жуынатын және киім ауыстыратын бөлмелер бар, күресуге қажетті заманауи үш ролл-мат төселген. Бұл кілемдер балалардың күрес барысында түрлі жарақаттардың алдын алады.

Академияның жаттықтырушысы Қайрат Қастаевтың айтуынша, бүгіндері академияда 500-ден астам бала қазақ күресімен тегін айналысады. Төл күреске сусындап жүргендер 6-17 жас аралығындағы жеткіншектер. Академия ашылғалы бері жас балуандар түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Залдағы жеткіншектердің жаттығу барысын тамашалаған Ассоциацияның президенті Ербол Қуантайұлы қазақ күресінің маңыздылығын тілге тиек етіп, болашақ чемпиондарға сәттілік тіледі.

Атап айтар болсақ, Qazaq kuresi Академиясы 2020 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жаттығулар аптасына бес рет, ал күніне екі рет жүргізіледі.

Ал жас балуандарды Қайрат Қазтаев, Берекетов Мейіржан, Қалымбеков Еркебұлан және Нұрғали Тұрсынғазиев сияқты тәжірибелі бапкерлер жаттықтырады.