28 - 30 сәуір аралығында Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында пара дзюдодан Азия Чемпионаты өтеді

28 - 30 сәуір аралығында Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында пара дзюдодан Азия Чемпионаты өтеді.

Аталған жарысқа Азияның 11 мемлекетінен 100-ден астам спортшы бақ сынайды. Жарыс нәтижелері бойынша әлемдік рейтингтік ұпайлар беріледі. Бұл жолы жарыстың ерекшелігі, алғаш рет IJF (халықаралық дзюдо федерациясы) ұйымымен бірлесе өткізіледі.

Жарыс ҚР Паралимпиадалық дзюдо Федерациясы, Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігі және Sport Qory қолдауымен бірлесе ұйымдастырылуда.

Жарыста ел намысын қорғайтын спортшылардан ұлттық құрама сапында елордалық пара дзюдошылар да бар, атап өтсек: Шамей Ерғали, Арстанбеков Бауыржан, Нурдаулетов Асылан, Науатбек Ақмарал.

Айта кетейік, Бұл Азия чемпионаты Париж-2024 XVII Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысуға лицензияланған.