Қазақстан Республикасының Конституция күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасының Конституция күні құтты болсын!

Сіздерді 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заңымыз – тәуелсіздігіміздің тұғыры, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен бірлігінің берік кепілі.

Бұл мереке әрбір қазақстандық үшін қастерлі, себебі ол біздің құқықтарымыз бен бостандықтарымызды айқындап, болашағымызға сенім сыйлайды.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз мәңгі болсын! Әр шаңырақта береке орнап, әр қазақстандықтың жүрегін мақтаныш пен үміт тербесін!

Конституция күні құтты болсын!