Бүгін Астанада бесінші «CHILDREN PARALYMPIC GAMES 2024» инклюзивті спорт фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Шараға Туризм және спорт вице-министрі Серік Жараспаев қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Балалар арасында өтетін Паралимпиада ойындарына Қазақстанның 23 қаласынан 400-ден астам ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастар қатысады.
Фестивальдің мақсаты – әлеуметтік оңалту, яғни мүгедектігі бар балалар мен жастарды бейімделген спорт арқылы бәсекеге қабілетті ету, белсенді өмір салтын нығайту.
Спорттық шара 13-15 маусым аралығында Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.