КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы және Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі

КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы және Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі

Ағымдағы жылдың 06 мамыр күні Қазақстанның көрнекті спортшысы мен батыры - КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы және Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Айта кетейік, бүгін Жақсылық Үшкемпіров 73 жасқа толар еді. Бұл күні біз Қазақстанда және одан тыс жерлерде спорттың дамуына зор үлес қосқан көрнекті спортшыны еске алып, оның жетістіктерін құрметтейміз.

Сөз сөйлеу барысында Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Берікұлы Байкен, ҚР ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Баймұхамедұлы Қанағатов, Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының директоры Жандос Жақсылықұлы Үшкемпіров және дзюдодан Олимпиада ойындарының жүлдегері Елдос Бақытбайұлы Сметов қатысты.