Астанада боччадан үшінші Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде

Астанада боччадан үшінші Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде

2024 жылғы 27-31 мамыр аралығында Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында боччадан үшінші Қазақстан Республикалық паралимпиадалық чемпионаты өтуде.

Бүгін чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті.

Оған ҚР Бочча федерациясының президенті, ҚР Парламент Сенатының төрағасы Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы, ҚР Туризм және спорт министрі Маржықпаев Ермек Боранбайұлы қатысты.

Бүгінгі чемпионатта еліміздің 10 облысы мен 2 қаласынан ұлттық құраманың 89 спортшы бақ сынасады.

Чемпионат бас серіктестер «Самұрық-Қазына» АҚ, «Sportqory» спортты қолдау қорының, «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтуде.

Айта кетерлігі, бочча – негізінен доп ойыны. Яғни тірек-қозғалыс аппаратының ең ауыр бұзылыстары бар балалар мен ересектерге өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беретін бірнеше паралимпиадалық спорт түрлерінің бірі. Елімізде бочча федерациясы 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры жаттықтырушыларының бастамасымен құрылған.