Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия Чемпионатының ашылу салтанаты

Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия Чемпионатының ашылу салтанаты

4 тамыз күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Жекпе-Жек" сарайында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия Чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт вице - министрі Серік Маратұлы Жарасбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов, Азия дзюдо одағының президенті Обайд әль Анзи, Қазақстан дзюдо федерациясы президентінің міндетін атқарушы Асхат Расулұлы Жіткеев және Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас директоры Серік Сейітұлы Қасқабасов қатысты.

Құрлықтық біріншілікте төрт күн бойы татами шеберлері жеке және аралас-командалық жарыстарда мықтыларды анықтайтын болады.

Турнирге Азияның 19 елінен келген 200-ге жуық дзюдошы қатысуда. Байрақты бәсекеде ел намысын ұлттық құрама сапындағы 18 спортшы қорғайды. Олардың арасында олимпиада чемпиондары мен әлем біріншіліктерінің жүлдегерлері де бақтарын сынайтын болады.