Бокстан ерлер мен әйелдер арасында I Халықаралық "Елорда кубогі" турнирінің ашылу салтанаты

Бокстан ерлер мен әйелдер арасында I Халықаралық "Елорда кубогі" турнирінің ашылу салтанаты

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Жекпе-Жек" сарайында бокстан ерлер мен әйелдер арасында I Халықаралық "Елорда кубогі" турнирінің ашылу салтанаты өтті. Дүбірлі жарыста "Елорда кубогі" үшін барлығы 10 елден 250 спортшы бокстасады. Олардың арасында Куба, Өзбекстан, Үндістан, Моңғолия және басқа да елдердің өкілдері бар. Турнирдің салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев және Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Самат Жылқыбаев, Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Азиз Кожамбетов және 1996 және 2000 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері елімізге белгілі қазақ боксшысы, Болат Жұмаділов қатысып, турнирдің ашылу салтанатымен құттықтап, қатысушыларға жарқын сәттіліктер тіледі.