2023 жылдың қараша айының 3-нен 5-не дейін елордада 2012-2014 ж.т. балалар мен 2009-2011 ж. т. кіші жасөспірімдер арасында еркін күрестен Қазақ Олимпиадасының бірінші тұңғыш чемпионы және грек-рим күресінен әлем чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, "Қазақстанның еңбек Ері" Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған республикалық турнирі өтеді.
Турнир Қазақстан Республикасында еркін күресті дамыту және танымал ету, спорт шеберлігін арттыру және облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалардың мықты спортшыларын анықтау мақсатында өткізіледі.
Жарыстың ресми ашылу рәсімі 04 қарашада сағат 12:00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, баршаңызды дүбірлі додада жас балуандарымыздың, болашақ Олимпиада чемпиондарының жанкүйер болуға шақырамыз!
Турнир Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша комитетімен, грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясымен және Астана қаласының спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі.