Навигация

Астанада дзюдодан әлемдік “Qazaqstan Barysy Grand Slam” турнирі өтеді!

Астанада дзюдодан әлемдік “Qazaqstan Barysy Grand Slam” турнирі өтеді!

Астанада 10-12 мамыр күндері дзюдодан әлемдік рейтингтік “Qazaqstan Barysy Grand Slam” турнирі өтеді. Байрақты дода дзюдошылар үшін 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына ұпай беретін соңғы Grand Slam кезеңі болмақ.

Әлемнің кіл мықтыларын жинайтын бұл бәсеке Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Бүгінгі күнге жарысқа 60-тан астам елдің, соның ішінде әлемдік рейтинг көшбасшылары Жапония, Оңтүстік Корея, Франция мемлекеттерінің спортшылары тіркелген.

Естеріңізге сала кетсек, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.

Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екіжақтыкелісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды.

“Qazaqstan Barysy Grand Slam” тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасында өтеді.

Жарыс бағдарламасы:

10 мамыр
Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг
Ерлер: -60 кг, -66 кг

11 мамыр
Әйелдер: -63 кг, -70 кг
Ерлер: -73 кг, -81 кг

12 мамыр
Әйелдер: -78 кг, +78 кг
Ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг

Qazaqstan Barysy Grand Slam 2024

10-12 Мамыр

Астана каласы, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы

Кіру тегін!