Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Халықаралық театр күніне арналған қазақ күресінен "Театр барысы-2023" республикалық турнирі өтті

2023 жылғы 28 наурыз күні Астана қаласы Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Халықаралық театр күніне арналған қазақ күресінен "Театр барысы-2023" республикалық турнирі өтті.

Жарыстың негізгі мақсаты-еліміздің театрларында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен дәріптеу.

Айта кетейік, турнирдің басты ұйымдастырушысы-Астана қаласы Музыкалық жас көрермен театры.

Жоба жетекшісі-Асылхан Төлепов

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, 4 дүркін Өнер барысы.