10-13 тамыз аралығында Астана қаласындағы Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында орталық мемлекеттік органдар арасындағы республикалық Спартакиадасының ашылу салтанаты өтті.
Жиынға МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Ербол Мырзабосынов, бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев және ауыр атлетика жұлдызы Илья Ильин қатысты.
Спартакиаданың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметшілерді спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, командалық рухты, мақсатқа ұмтылушылықты, ерік-жігерді, табандылықты және жеңіске ұмтылысты тәрбиелеу.
Бәсекеге 24 команда қатысуда. Олар спорттың 6 түрінен: футзал, волейбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, бильярдтан шеберлік байқасып, өзара мықтыларды анықтайды.