Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында орталық мемлекеттік органдар арасындағы республикалық Спартакиадасы өтуд

Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында орталық мемлекеттік органдар арасындағы республикалық Спартакиадасы өтуд

Тамыз айының 10-13 аралығында Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында орталық мемлекеттік органдар арасындағы республикалық Спартакиадасы өтуде.

Спартакиаданың мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рухты, мақсатқа ұмтылушылықты, ерік-жігерді, табандылықты және жеңіске ұмтылысты тәрбиелеу.

Айта кетейік, биылғы бәсекеге құрамында 1000-ға жуық мемлекеттік қызметшісі бар 24 команда қатысып жатыр. Олар футзал, волейбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, бильярд сияқты спорт түрлерінен өзара күш сынасады.