Ж.Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен халықаралық турнирдің екінші күні

16-18 мамыр аралығында елордада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында грек-рим күресінен жастар арасында Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Израиль және Қазақстан елдерінің әр өңірінен топ жарған 164 спортшы сынға түсуде.

Бүгін жарыстың екінші күні.

Күрес түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары Айтбеков Айбек, Жұма Арсен және Ашрапов Юсуф жекпе-жектен кейінгі алғашқы әсерімен бөлісті.

Айта кетейік, 55 кг салмақта:

алтын жүлдеге Айтбеков Айбек

күміс жүлдеге Жұма Арсен ие болды.

Ал 63 кг салмақта Ашрапов Юсуф қола жүлдеге ие болды.

Спортшыларымыз және олардың бәпкерлерін шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта көп жеңістер тілейміз!