Жапон палуандары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады

Жапон палуандары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады

Бүгін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясына Жапонияның парламенттік Сыртқы істер вице-министрі Ëичи Фуказава бастаған Жапон делегациясы келді.

Меймандарды Дирекция басшысының орынбасары Мұратбек Қыпшақбаев қарсы алды. Кездесу барысында тараптар халықаралық ынтымақтастық пен жапон спортшыларының 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу жайын талқылады.

Жапония көшпенділер ойындарына қатысуға алғашқылардың бірі болып ұсыныс берген мемлекет. Бүгін Жапонның жекпе-жек өнері қауымдастығы қазақ күресі, түріктің, қырғыз және өзбек ұлтының күрес түрлеріне қатысу үшін ресми хат жолдады.

Жапон өкілдері сонымен қатар, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ және дәстүрлі садақ атудан шеберлік сабағына қатысты.