2026 жылы 19 ақпанда «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық филиалы өкілдерінің Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында спорт саласының өкілдерімен және «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК ұжымымен кездесті. Іс-шараға 120-дан адам қатысты.
Кездесу барысында спикерлер жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаларын жан-жақты түсіндіріп, оның мемлекетті дамыту, қоғамдық институттарды нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы практикалық маңызына тоқталды.
Спикерлер қатарында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы Астана қалалық филиалының жетекшісі Ерлан Каналимов, «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек, Астана қаласы Мәслихатының депутаттары Давид Лория мен Ғабит Тәжімұратов болды.
Кездесу соңында ашық диалог ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.