Таэквондодан VI жазғы спартакиада аяқталды

Таэквондодан VI жазғы спартакиада аяқталды

Астана қаласында 2-4 желтоқсан күндері таеквондодан (WT) ҚР VI Жазғы Спартакиадасының жеңімпаздары белгілі болды.

Турнирде еліміздің 16 облыс және 3 мегаполисінен 189 спортшы 16 салмақта жүлдеге таласты.

Жарыста ерлер - 8, әйелдер - 8 салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Осылайша, Астана қаласының таеквондошылары VI жазғы Спартакиаданы бір күміс үш қоламен, жалпы есепте 11 орынмен аяқтады.

Айта кетерлігі, елімізде 4 жылда бір мәрте ұйымдастырылатын жазғы Спартакиадада барлығы 27 спорт түрінен 4000-ға жуық спортшы бақ сынады. Бұл қатарда Астана қаласы Қазақстан Республикасының Жазғы Спартакиадасының бокс, дзюдо және таеквондо сынды түрлерін өз төрінде қабылдады.