Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогына арналған жекпе-жек бойынша республикалық турнир аяқталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогына арналған жекпе-жек бойынша республикалық турнир аяқталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогына арналған жекпе-жек бойынша республикалық турнир аяқталды.

Аталған іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, күштік және арнайы құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің дене шынықтыру даярлығы деңгейін және қатысушылардың спорттық шеберлігі мен біліктілігін арттыру болып табылады.

Турнирге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (СЖҚІА), Қаржы мониторинг агенттігінің (ҚМА), Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК), Ішкі істер министрлігінің (ІІМ), Қорғаныс министрлігінің (ҚМ), Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ), Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) қызметкерлері қатысты.

Спортшыларды қолдауға бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сапиев, Naiza FC Президенті Нұрбек Қарабала, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов келді.

Барлығы сегіз түрлі салмақ дәрежесі арасында 8 медаль жиынтығы ойнатылды.