Белгілі балуан Марат Байкамуров қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

Белгілі балуан Марат Байкамуров қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

«Қазақстан Барысы 2025» турнирінің жеңімпазы, Әлем және Азия чемпионы, белгілі балуан Марат Байкамуров ел тұрғындарын Республика күнімен құттықтайды!

Айта кетейік, биыл еліміз үшін маңызды тарихи дата – Қазақстан Республикасы күні және Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толып отыр.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына жол ашқан аса маңызды құжат – Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдады. Бұл Декларация ел тарихындағы тәуелсіздікке бастар алғашқы нақты әрі батыл қадам болды. Онда Қазақстанның аумақтық тұтастығы, саяси және экономикалық дербестігі, ұлттық заңнамасының үстемдігі сияқты мемлекет егемендігінің негізгі қағидаттары айқындалды.

Дәл осы құжат еліміздің кейінгі Тәуелсіздік Декларациясы мен 1991 жылғы егемен Қазақстан Республикасының құрылуының құқықтық және саяси негізін қалады.

Сол күннен бері 25 қазан — еліміздің егемендікке деген ұмтылысы мен тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу жолындағы тарихи шешімдердің символы болып келеді.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

#RepublicDay #25Қазан #Декларация35жыл #МеніңҚазақстаным

.