Қазақстандық балуандар үздік атанды

Астанада даңқты палуан Ж.Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен жастар арасындағы халықаралық турнир өтті.

Жарысқа Қазақстанның үздік бозкілем шеберлерімен қатар Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан,Әзірбайжан, Израиль елдерінен барлығы 164 спортшы 10 салмақ дәрежесінде бақ сынады. Байрақты бәсеке 3 күн бойы жалғасып, нәтижесінде Қазақстан құрамасы 6 алтын, 5 күміс, 14 қола жүлдені жеңіп, жалпыкомандалық есепте 1 орын иеленді.

Турнир Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің, Астана қаласы әкімдігінің және ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.