Мәулен Әшімбаев: Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ерекше сұранысы бар балалар мемлекеттің қолдауында
Бүгін елордадағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында паралимпиадалық спорт түрінен ең ірі жарыс – Бочча бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылуы өтті.
Іс-шараны Сенат төрағасы, Қазақстан Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев ашты.
Бочча - бұл доп ойыны, тірек-қозғалыс аппаратының ең ауыр бұзылыстары бар балалар мен ересектерге өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беретін бірнеше паралимпиадалық спорт түрлерінің бірі.
Чемпионатта еліміздің әр өңірінен 15 жастан жоғары 50-ге жуық спортшы бақ сынасады.
Осы жарыс нәтижелері бойынша қатысушылар ел намысын халықаралық жарыстарда – жекпе-жектерде, Паралимпиада және Азия Паралимпиада ойындарында қорғайтын болады.