Навигация

«Дала қырандары» республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті

«Дала қырандары» республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті

2025 жылы 11 қаңтарда Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «Qazaq Kuresi» Ассоциациясы ұйымдастырып отырған ұлттық құндылығымыз қазақ күресінен өтетін «Дала қырандары» республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Ашылу рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрі және «Qazaq kuresi» Ассоциациясының Президенті Ербол Мырзабосынов және «Qazaq kuresi» Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов қатысты.

Турнир барысында қазақстандық спортшылар кілемде ресейлік ММА өкілдерімен кездесіп, қазақ күресінің ережесі бойынша күресті.

Атап айтсақ, отандық спортшылар - Руслан Әбдіразақов, Саят Шәмшиев және Василий Тахтай кілемде ресейлік файтерлер, ММА өкілдері - Ислам Джангоразов, Даниял Ельбаев және Фарид Ядуллаевқа қарсы шықты.

Айта кетейік, турнирде жыл бойы 5 рейтингтік турнирде ең жоғары ұпайжинаған 64 балуан белдеседі.