Паралимпиадалық бочче жарысының алғашқы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

2023 жылғы 1-4 маусым аралығында Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «Балалардың игілігі үшін», Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Республикалық акцияны өткізу аясында паралимпиадалық боччадан ел чемпионаты өтуде.

Бүгін жарыстың алғашқы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Оған ҚР Бочча федерациясының президенті, ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, ауыр атлетикадан әлем Чемпионы Илья Ильин және бокстан әлем чемпионы Мерей Акшалов қатысты.

Жалпы, боччадан ел чемпионатына мүгедектігі бар 400-ден астам бала мен ересек жиналды. Олардың 47-сі турнирге қатысып, бақ сынады. Біріншілік жеңімпаздары ұлттық құрамаға қабылданып, челлендж, Паралимпиада, Азия Паралимпиадалық ойындары сияқты халықаралық додаларда ел намысын қорғайды.