Астанада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

Астанада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

Астанада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды.

Бүгін елорда төрінде орналасқан Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы халықаралық турнир басталды.

Салтанатты жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев, Қазақстан әйелдер, грек-рим және еркін күрес федерациясының президенті, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыханов, Жақсылық Үшкемпіровтің өмірдегі ағасы Сәт Тоқпақбаев қатысып, сөз сөйледі.

Сондай ақ, ашылу салтанатына жиылған жұрт  Жақсылық Үшкемпіровті бір минут үнсіздікпен еске алды. Естеріңізге сала кетейік, ел ағасы көзі тірі болғанда биыл 72 жасқа толар еді.

Алдағы күндері еліміздің әр өңірінен келген балуандармен қатар Қырғызстан, Өзбекстан  Тәжікстан, Әзірбайжан және Израильдің  үздік 164 спортшысы өзара 10 салмақта сынға түседі. Айтулы дода топ жарған жас балуандарды іріктейтін бәсеке болмақ.

3-ші рет ұйымдастырылып отырған бұл халықаралық турнир мамырдың 18 -не дейін жалғасады.